2019 жылы 30 маусымда Жамбыл авиациялық бөлімінің қызметкерлері өрт анықтады

2019 жылдың 30 маусымында Жамбыл авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Көктерек КММ-нің Көктерек орманшылығының 53 кварталына қауіп төніп тұрған мемлекеттік қор жерлерінде өрт шықты. Өрт туралы ақпарат өртті оқшаулау және жою бойынша жедел шаралар қабылдау үшін орман иелеріне дереу берілді. Өрт шыққан жерге 40 минуттан кейін бортында 3 өрт-сөндіруші  десантшысы бар Қазавиаорманқорғау тікұшағы келіп жетті. Өрт орнына Көктерек КММ күштері мен құралдары, сондай-ақКазавиаорманқорғау 4 десантшысы қызметтік автокөлігімен келді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында өрт тоқтатылды,мемлекеттік орман қорына қауіпі жоқ. Өртті сөндіруге Жамбыл авиациялық бөлімінің тікұшағы мен 7 өрт сөндіруші-десантшылары, 10 бірлік техника, Көктерек КММ-нің 23 адамы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді және Көктерек КММ қызметкерлерімен қарауылдауға қабылданды. Өрт алаңы 1.5 га.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға