2019 жылы 27 маусымда Павлодар авиациялық бөлімінің қызметкерлері өрт анықтады
2019 жылғы 27 маусымда Павлодар
авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Көктерек
орманшылығының 132 кварталы, "Ертіс орманы" МОТР РММ Бесқарағай филиалының
аумағында өртшықты. Өрт апатымен күреске Павлодар авиациялық бөлімшесі мен
Бесқарағай филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Өртті сөндіруге тікұшақ,
Павлодар авиациялық бөлімшесінің1 өрт-сөндіруші десантшысы, Бесқарағай филиалының
10 адамы, 4 бірлік техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында
өрт 0.9 га шағын алаңда жойылды.