2019 жылы 27 маусымда Павлодар авиациялық бөлімінің қызметкерлері өрт анықтады
2019 жылғы 27 маусымда Павлодар авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында "Ертіс орманы" МОТР РММ Бесқарағай филиалының Баимбет орманшылығының 67 кварталы аумағында өрт шықты. Өрт апатымен күреске Павлодар авиациялық бөлімшесі мен Бесқарағай филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Өртті ауыздықтауға және жоюға тікұшақ, Павлодар авиациялық бөлімшесінің 1 өрт сөндіруші десантшысы, Бесқарағай филиалының 7 адамы, 4 бірлік техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.01 га кіші алаңда жойылды.