2019 жылы 28 маусымда Павлодар авиациялық бөлімінің қызметкерлері өрт анықтады
2019 жылғы 28 маусымда Павлодар
авиациялық бөлімшесі күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау барысында
"Ертіс орманы" МОТР РММ Шалдай филиалының Шалдай орманшылығының 101 кварталы
аумағында өрт шықты.Өрт апатымен күреске Павлодар авиациялық бөлімшесі мен
Шалдай филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Өртті сөндіруге1 тікұшақ, Павлодар
авиациялық бөлімшесінің 1 өрт-сөндіруші десантшысы, Шалдай филиалының 5
адамымен, 1 техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт
0.001 га кіші алаңда жойылды.