2019 жылы 28 маусымда Павлодар авиациялық бөлімінің қызметкерлері өрт анықтады

2019 жылғы 28 маусымда Павлодар авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Тайбогар орманшылығының 128 кварталы, "Ертіс орманы" МОТР РММ Бесқарағай филиалының аумағында өрт шықты. Өрт апатымен күреске Павлодар авиациялық бөлімшесі мен Бесқарағай филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Өртті ауыздықтауға және жоюға тікұшақ, Павлодар авиациялық бөлімшесінің 1 өрт сөндіруші десантшысы, Бесқарағай филиалының 10 адамы, 5 бірлік техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.001 га кіші алаңда жойылды.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға