2019 жылы 28 маусымда Павлодар авиациялық бөлімінің қызметкерлері өрт анықтады
2019 жылғы 28
маусымда Павлодар авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау
барысында "Ертіс орманы"МОТР РММ Шалдай филиалының Новозавод
орманшылығының 49 кварталы аумағында өрт шықты. Өрт апатымен күреске Павлодар авиациялық
бөлімшесі мен Шалдай филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Өртті
сөндіруге тікұшақ, Павлодар авиациялық
бөлімшесінің 1 өрт- сөндіруші десантшысы, Шалдай филиалының 10 адамы, 3 бірлік
техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.001 га кіші
алаңда жойылды.