2019 жылы 28 маусымда Павлодар авиациялық бөлімінің қызметкерлері өрт анықтады
2019 жылғы 28
маусымда Павлодар авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау
барысында Сейтен орманшылығының 66 кварталында, "Ертіс орманы"МОТР
РММ Шалдай филиалының аумағында өрт шықты. Өрт апатымен күреске Павлодар авиациялық
бөлімшесі мен Шалдай филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Өртті
сөндіруге тікұшақ, Павлодар авиациялық бөлімшесінің 1 өрт-сөндіруші десантшысы,
Шалдай филиалының , 5 адамы, 3 бірлік техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған
шаралардың арқасында өрт 0.02 га кіші алаңда жойылды.