2019 жылы 29 маусымда Бурабай авиациялық бөлімінің қызметкерлері өрт анықтады
2019 жылдың 29
маусымында Бурабай авиациялық бөлімшесі күзетілетін аумақты авиациямен
қарауылдау барысында Ақылбай орманшылығының 10 кварталы,
"Бурабай"МҰТП аумағында өрт шықты. Өрт туралы ақпарат дереу
"Бурабай" МҰТП қызметкерлеріне өртті оқшаулау және жою бойынша жедел
шаралар қабылдау үшін берілді. Өртті ауыздықтауға және жоюға
"Бурабай" МҰТП-ның 5 адамы, 3 бірлік техника жұмылдырылды. Жедел
қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.001 га кіші алаңда жойылды.