2019 жылы 30 маусымда өрт жойылды
2019 жылғы 30 маусымда кешкі уақытта Жасыбай орманшылығының 14 кварталы, Баянауыл МҰТП аумағында белгісіз себептермен өрт шықты. Өрт апатымен күреске Баянауыл авиациялық бөлімшесі мен Баянауыл МҰТП күштері мен құралдары жіберілді. Өртті сөндіруге "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның 2 адамы, Баянауыл МҰТП-ның 23 адамы және 7 бірлік техника жұмылдырылды. Өртті толық жою 1 шілдеде Баянауыл МҰТП күшімен аяқталды.