
Мемлекеттік орман қоры
аумағында табиғи өрттерді сөндіру кезінде бірлескен іс-қимылдарды пысықтау
бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар 2019 жылы 29 сәуірде Батпаев орман
шаруашылығының 128 Кварталы, "Семей орманы" МОТР Семей филиалының
аумағында өтті. Оқу-жаттығуға "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Бородулиха
авиациялық бөлімшесінің жеке құрамы, "Семей орманы" МОТР орман күзеті
қызметі, Семей қаласының мемлекеттік өртке қарсы қызметі қатысты.
Оқу-жаттығуды
ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған іс-шаралар нақты жағдайға барынша жақын
болған жағдайда орман өрттерін сөндіру дағдыларын пысықтау, осы өртті жою
кезінде туындауы мүмкін барлық нюанстардың кетуі, барлық жедел қызметтердің
өзара іс-қимылы және өрт сөндіру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өткізіледі.