2019 жылы 14 сәуірде өрт жойылды
2019 жылғы 14 сәуірде Беген орманшылығының, "Семей орманы"МОТР Беген филиалының 1,2,3 кварталдарына қауіп төнген дала өрті жойылды. Өрт апатымен күресу үшін дабыл бойынша Бородулиха авиациялық бөлімшесінің және жер үсті орман күзетінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Ұзақ және табанды күрескеннен кейін дала өрті фронт бойынша оқшауланып, мемлекеттік орман қорына қауіпі жоқ. Өртті сөндіруге "Қазавиаорманқорғау" РМҚК АӨҚ 2 адамы, жер бетіндегі өрт сөндіру қызметінің 23 адамы, 7 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт 20 га жерде жойылды.