2019 жылғы 30 сәуірде Бородулиха авиациялық бөлімінің қызметкерлері өрт анықтады
2019 жылғы 30 сәуірде Бородулиха авиациялық бөлімшесімен қорғалатын аумақтың авиациямен қарауылдау барысында Дөнгелек орманшылығының 91 кварталының, "Семей орманы" МОТР Беген филиалының аумағында өрт шықты. Өрт орнына тікұшақтан өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін өрт сөндіруші десантшылар түсірілді. "Орман десантына" көмекке жер бетіндегі өрт сөндіру қызметтерінің күштері мен құралдары жіберілді. Өртті сөндіруге тікұшақ, ұщқыш-бақылаушыжәне "Қазавиаорманқорғау" РМҚК авиа өрт сөндіру қызметінің 2 адамы, жер үсті өрт сөндіру қызметінің 17 адамы, 4 техника жұмылдырылды. Өрт 0.02 га аумақта жойылды.