2019 жылы 2 мамырда Павлодар авиациялық бөлімінің қызметкерлері өрт анықтады
2019 жылғы 2 мамырда Павлодар авиациялық
бөлімшесі күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау барысында "Ертіс
орманы" МОТР РММ Бесқарағай филиалының Байімбет орманшылығының 70 және 71
кварталдарының аумағында өрт шықты. "Қазавиаорманқорғау" РМҚК және
жер үсті өрт сөндіру қызметтері қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында
өрт жойылды. Өртті сөндіруге тікұшақ, ұшқыш-бақылаушы
және"Қазавиаорманқорғау" РМҚК авиа-өрт сөндіру қызметінің 10 адамы, жер бетіндегі өрт сөндіру
қызметінің 35 адамы, 13 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт алаңы 7 га.