2019 жылы 4 мамырда өрт жойылды
4 мамыр 2019 жылы
"Сандықтау ОӨОШ" РММ-нің 146 кварталында болған өрт жойылды. Қатты
жел, жоғары температура және құрғақшылық оттың тез таралуына ықпал етті. Өрт
апатымен күреске Көкшетау авиациялық бөлімінің, жер үсті орман күзетінің, № 17
өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жіберілді. Өртті сөндіруге тікұшақ, бақылаушы-ұшқыш,
Көкшетау авиациялық бөлімінің 8 өрт сөндіруші-десантшысы, 13 адам жер бетіндегі
өрт сөндіру күштері, 4 бірлік техника жұмылдырылды. Отпен ұзақ және табанды
күрескеннен кейін өрт 11.9 га аумақта жойылды.