2019 жылы 4 мамырда Жамбыл авиациялық бөлімінің қызметкерлері дала өртін анықтады

2019 жылғы 4 мамырда Жамбыл авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында мемлекеттік орман қорына іргелес мемлекеттік қордағы жер аумақтарынан (буферлік аймақ) дала өрті анықталды. Өрт орнына тікұшақтан өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін өрт сөндіруші десантшылар түсірілді.
Ұзақ және қажырлы күрескеннен кейін өрт барлық бағыттар бойынша оқшауланып, жойылды. Өртті сөндіруге тікұшақ, ұщқыш-бақылаушы, Жамбыл авиациялық бөлімшесінің 4 өрт сөндіруші-десанты жұмылдырылды. Өрт алаңы 3 га.
   

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға