2019 жылы 10 мамырда өрт ауыздықталды
2019 жылы 10
мамырда өрт-бақылау мұнарасынан Риддер ОШ КММ Орталық орманшылығының 16
кварталының аумағында өрт шықты. Отты апатпен күреске Риддер авиациялық
бөлімшесінің, жер үсті орман күзетінің, сондай-ақ жергілікті өрт сөндіру
бөлімінің күштері мен құралдары дереу жұмылдырылды. Қатты желге (10-12 м/с)
қарамастан өрт сөндіру қызметтері шағын алаңда өртті ауыздықтай алды. Өртті
сөндіруге тікұшақ, ұшқыш-бақылаушы және "Қазавиаорманқорғау" РМҚК
авиа-өрт сөндіру қызметінің 4 адамы, жер үсті өрт сөндіру қызметінің 16 адамы,
Риддер қаласының № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 2 өрт сөндіру
есебі, 7 бірлік техника жұмылдырылды.
Өртті оқшаулау алаңы 0.9 га.Өртті сөндіру және жою жұмыстары
жүргізілуде.