2019 жылы 7 мамырда табиғатты пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау бойынша ұшулар жүзеге асырылды
2019 жылы 7 мамырда "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Риддер авиациялық бөлімшесінің мамандары Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы РММ өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорықтың аумағын аралап шықты. Авиарейд барысында бұзушылықтар анықталған жоқ. Табиғи мекендейтін аумақта қоңыр аюдың ұрғашысы ұрпағымен бірге түсірілді.