2019 жылы 5 шілдеде Риддер авиациялық бөлімінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында жиналыс өткізілді

Сөз сөйлеуден үзінді:
Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптерден ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту жолымен Мемлекеттік органдардың, лауазымды және басқа да тұлғалардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңды әзірлеп, қабылдады, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауапкершіліктің басталу шарттарын белгілейді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті. ҚР Президентінің "ҚР қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" жарлығы қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту, құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында қабылданды. Жарлықта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін еңсеру мәселелеріне және оның көріністерінің алдын алуға бағытталған шараларға ерекше назар аударылды.
Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруға бағытталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу келесі міндеттерді шешу арқылы іске асырылады:
1) Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік жағдайын қалыптастыру;
2) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;
3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;
4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
5) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу кіреді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері жүзеге асыратын қызмет. Сыбайлас жемқорлықты жою үшін тұтастай алғанда барлық қоғам күресуге тиіс. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын туғызған кезде ғана осы зұлымдықпен күресте оң нәтижелерге жетуге болады.