2019 жылы 10 шілдеде Павлодар авиациялық бөлімінің қызметкерлері өрт анықтады
2019 жылғы 10 шілдеде Павлодар авиациялық бөлімшесі күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Көктерек орманшылығының 105 кварталының, "Ертіс орманы"МОТР РММ Бесқарағай филиалының аумағында өрт шықты. Өрт апатымен күреске Павлодаравиациялық бөлімшесі мен Бесқарағай филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Өртті сөндіруге Павлодар авиациялық бөлімінің 3 өрт сөндіруші-десантшысы, Бесқарағай филиалының 5 адамы, 3 техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.001 га кіші алаңда жойылды.