2019 жылы 10 шілдеде Павлодар авиациялық бөлімінің қызметкерлері өрт анықтады
2019 жылғы 10 шілдеде Павлодар
авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында
"Ертіс орманы" МОТР РММ Шалдай филиалының Шалдай орманшылығының
51 кварталында өрт шықты. Өрт апатымен күреске Павлодар авиациялық бөлімшесі
мен Шалдай филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Өртті сөндіруге Павлодар
авиациялық бөлімінің 3 өрт сөндіруші-десантшысы, Шалдай филиалының 7 адамы, 3
техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.03 га кіші
алаңда жойылды.