2019 жылы 12 шілдеде Баянауыл МҰТП аумағында үш өрт жойылды
2019 жылы 12 шілдеде Баянауыл МҰТП аумағында таулы жерлерде үш өрт шықты. Екі өрт белгісіз себептермен болды, біреуі отты абайсыз пайдалану бойынша. Өрттің жалпы ауданы 1.1 га құрады, оның ішінде орманмен қамтылған – 0.2 га. Өртті оқшаулау және жою үшін жалпы алғанда тікұшақ және Баянауыл авиациялық бөлімшесінен 5 адам, Баянауыл МҰТП 44 адам, № 24 өрт сөндіру бөлімінен 2 адам, 13 бірлік техника тартылды. Жедел қабылданған шаралар мен үйлесімді іс- әрекеттердің арқасында ауа райының күрделі жағдайына қарамастан шағын алаңдарда өрттер ойылды.