2019 жылы 12 шілдеде Көкшетау авиациялық бөлімінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында жиналыс өткізілді
2019
жылы 12 шілдеде Көкшетау авиациялық бөлімінде "Сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау" тақырыбында жиналыс өткізілді.Зеренді ауданының ЖПҚ ПБ УПИ аға лейтенант Ж.О. Булатов "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
туралы" ҚР Заңының нормаларын, Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға
және олар үшін жауапкершілікке қатысты ҚР Қылмыстық және әкімшілік заңнамасының
нормаларын түсіндірді. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық көріністерінің әртүрлі
түрлері, оның қоғамның экономикалық дамуы мен мемлекеттік тұрақтылығына кері
әсер етуі туралы айтылды.