2019 жылы 14 шілдеде Көкшетау авиациялық бөлімінің қызметкерлері өрт анықтады

2019 жылы 14 шілдеде Көкшетау авиациялық бөлімшесі күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Шалқар филиалының Ақан сері орманшылығының 46 кварталынан өрт шықты. Өрт апатымен күреске Көкшетау авиациялық бөлімшесі мен Шалқар филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Өртті сөндіруге: Көкшетау авиациялық бөлімінің тікұшағы, басшысы және 2 өрт сөндіруші-десантшысы, Шалқар филиалының 15 адамы, 4 техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.05 га кіші алаңда жойылды.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға