Баянауыл МҰТП аумағында болған өрт туралы ақпарат
2019 жылы 18 шілдеде Баянауыл МҰТП аумағында пайда болған
ірі орман өртін сөндіруге бағытталған іс-шаралар жалғасуда. Қазіргі уақытта өрт
тоқтатылды. Өрттің жалпы аумағы 70 га, оның 12 га жоғарғы орман өрті. Өрт Баянауыл
МҰТП, ТЖ және әкімдіктің қызметкерлерінің қарауылында. Кезекшілік тәртібінде
кез-келген уақытта өртпен күресуге дайын Ми-26 және Ми-8 тікұшақтары бар. Баянауыл авиациялық бөлімінің бақылаушы-ұшқыштары әуеден
бақылау жүргізу барысында 12 сағат 00 минутта екі өрт ошағын анықтады.
Барлық ақпарат Баянауыл МҰТП қызметкерлеріне өрт ошақтарын жою бойынша шаралар қабылдау үшін берілді. Ошақтар сөндірілді. Сағат 14:00-де өртті қосымша әуеден бақылау жүргізіледі. Өрт орнында 100-ден астам адам мен 18 бірлік техника бар.