2019 жылы 18 шілдеде Бурабай авиациялық бөлімінің қызметкерлерімен өрт анықталды
2019 жылғы 18 шілдеде Бурабай авиациялық бөлімшесі күзетілетін аумақты авиациямен шолу барысында "Бұқпа" ММ Самарбай орманшылығына қаупі бар дала өрті анықталды. Өрт апатымен күреске Бурабай авиациялық бөлімшесінің және "Бұқпа"ММ күштері мен құралдары жұмылдырылды. Өртті сөндіруге тікұшақ, Бурабай авиациялық бөлімшесінің 2 өрт сөндіруші-десантшысы, "Бұқпа" ММ 4 адамы, 2 техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 2 га алаңда жойылды, мемлекеттік орман қорына қауіп жойылды.