Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелерін сайлау туралы конкурсты өткізу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелерін сайлау (бұдан әрі - Жұмыс тобы) туралы конкурсты өткізу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес қоғамдық маңызды мәселелері бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіруі, мемлекеттік органдардың халық алдында есеп беруі, мемлекеттік органдар басшыларының көпшілік алдындағы баяндамаларын қамтамасыз ету мақсатында Жұмыс тобы мүшелерін сайлау туралы конкурс өткізетіндігін хабарлайды.Жұмыс тобының сандық құрамы – 15 адам, оның 5 – мемлекеттік органның өкілдері, 10 – коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасы азаматтары.
Конкурс коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылады:
1) коммерциялық ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;
2) нысанға сәйкес өтініш;
3) кандидаттың қызмет саласын, өмірбаян деректерін және байланыс мәліметтерін көрсете отырып Қазақстан Республикасы азаматының жеке бас куәлігінің көшірмесі ұсынылады.
Коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстары кандидаттың өмірбаянымен қоса берілген аты-жөні көрсетілген жазбаша түрде хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күн мерзімде Министрлікке (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс, 405 каб.) ұсынылуы қажет, сондай-ақ a.atantaeva@energo.gov.kz, u.akhmetova@energo.gov.kz электрондық мекен - жайларына жіберілуі тиіс.
Конкурстың өткізілу мерзімі: 2019 жылғы 2 тамызға дейін.
Жұмыс тобы мүшелерін іріктеу бойынша отырыстың өткізу уақыты қосымша хабарланатын болады.
Қосымша ақпаратты алу үшін 8 717 274-09-74 нөміріне хабарласыңыз.
Конкурсты өткізу орны: Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл
ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты,
14-кіреберіс.
Өтінішті белгіленген нысанға сәйкес мына сілтеме бойынша жүктей аласыз: https://yadi.sk/i/0kbBmSMPEAJveg