2019 жылдың 21 шілдесінде өрт шықты
2019 жылдың 21 шілдесінде Көк-Бастау орманшылығының 20 кварталы, Талғар бөлімінің аумағында патруль ұшағы өртті анықтады. Өрт апатымен күресуге Алматы авиациялық бөлімінің және Талғар бөлімінің күштері мен құралдары жіберілді. Жедел шаралардың арқасында өрт кішігірім алаңда - 0,03 га жерде жойылды. Өртті сөндіруге Алматы авиациялық бөлімінің 10 өрт сөндіруші десантшысы, Талғар бөлімінің 75 адамы, 4 техника жұмылдырылды.