2019 жылдың 26 шілде күні Жамбыл авиация бөлімінің қызметкерлері профилактикалық дәріс өткізді
2019 жылдың 26 шілдесінде халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында Жамбыл авиабөлімінің десант-өрт сөндірушісі А.К.Серикбаев "Ұлттық сараптама орталығы" РМК филиалының қызметкерлері арасында Жамбыл облысының ҚР ДСМ ҚДСКмен бірге өртке қарсы тақырыпта профилактикалық әңгіме өткізілді. Ұйым қызметкерлері орман алқабының аумағында отпен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін байқаған кездегі іс-әрекеттермен, орманға келген кезде санитарлық нормаларды сақтау ережелерімен танысты.