2019 жылдың 30 шілдесінде Бурабай авиациялық бөлімінің қызметкерлері өртті анықтады
2019 жылғы 30 шілдеде Бурабай авиациялық бөлімшесі күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау
барысында Бурабай орманшылығының 3 Кварталы, "Бурабай" МҰТП аумағында
өрт шықты. Өрт орнына тікұшақтың көмегімен өрт сөндіру десантшылары өртті
сөндіруге және одан әрі таралмауы үшін
жеткізілді. Өртті сөндіру қол
жетімді емес жермен қиындады (өрт теңіз деңгейінен 844 метр биіктікте тауда
болды). Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт ауыздықталып, 0,003 га кіші
алаңда жойылды. Өртті сөндіруге тікұшақ, 6 өрт сөндіруші-десант және Боровской
авиациялық бөлімшесінің АӨК нұсқаушысы, "Бурабай" МҰТП 70 адамы, 6
техника жұмылдырылды.