Бос лауазымға орналасуға арналған Конкурс
"Қазавиаорманқорғау" РМҚК Алматы әуе бөлімшесінің бақылаушы-ұшқыш, Қостанай әуе бөлімшесінің бақылаушы-ұшқыш, Ақмола әуе бөлімшесінің бақылаушы-ұшқыш, Павлодар әуе бөлімшесінің бақылаушы-ұшқыш, Өскемен әуе бөлімшесінің бақылаушы-ұшқыш, орталық аппараттың бақылаушы-ұшқыш (Алматы қ.) бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.)
Кәсіпорынның
орналасқан жері: "Қазавиаорманқорғау" РМҚК 050020, Алматы қ.,
Керей-Жәнібек хандары № 259, анықтама телефоны / факс 271-81-45, e-mail: airbar@list.ru
Конкурсқа қатысуға
үміткер тұлғалардан құжаттарды қабылдау басталатын күн конкурс өткізу туралы
хабарландыру интернет - ресурстарда орналастырылған күннен бастап - 16.09.2019
ж.
Құжаттарды қабылдау мерзімі – 30.09.2019 ж.
Лауазымдық міндеттері:
- Әуе кемесі экипажының құрамында ормандарды авиациялық патрульдеу, өрт сөндіруші десантшылар мен өрт сөндіру құралдарын орман өрттері орындарына жеткізу бойынша ұшуды орындайды;
- Орман өрттерін әуеден және жерде сөндіруді ұйымдастырады, жалпы және егжей-тегжейлі орман патологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
- Өрт қауіпті маусымға жоспарлы дайындық жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;
- Қызмет көрсетілетін орман аумағында бөлімшелермен жүргізілетін орман қорғау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
- Орман қорғау мәселелері жөніндегі бөлімшені үнемі инспекциялайды;
- Экипаж құрамында ұшақтар мен тікұшақтарда ұшуларды тексеруші, аэролесопатолог немесе бақылаушы ұшқыш ретінде орындайды;
- Орман шаруашылығын басқару органдарымен, орман қорғау станцияларымен, ауданаралық орман патологияларымен іскерлік байланыстарды қолдайды;
- Орман қорғау мәселелері бойынша бөлімшелердің атқарған жұмыстарын есепке алуды және есебін тексеруді жүзеге асырады;
- Мемлекеттік орман иеленушілермен өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады.
- Біліктілікке қойылатын талаптар:
- біліктілігі жоғары деңгейлі маман:
- жоғары санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: "Орман ресурстары және орман шаруашылығы", бақылаушы-ұшқыш куәлігінің болуы, бірінші санатты бақылаушы-ұшқыш лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
- жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: "Орман ресурстары және орман шаруашылығы", бақылаушы-ұшқыш куәлігінің болуы, бірінші санаттағы бақылаушы-ұшқыш лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде төрт жыл жұмыс өтілі;
- екінші санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: "Орман ресурстары және орман шаруашылығы", бақылаушы-ұшқыш куәлігінің болуы, санаты жоқ бақылаушы-ұшқыш лауазымындағы жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
- санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: "Орман ресурстары және орман шаруашылығы", жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
Біліктілігі орта деңгейдегі маман:
- жоғары санатты: техникалық және кәсіптік (орта-арнайы, орта-кәсіптік) білімі: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс", бақылаушы-ұшқыш куәлігінің болуы, бірінші санатты бақылаушы-ұшқыш лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
- бірінші санатты: техникалық және кәсіптік (орта-арнайы, орта-кәсіптік) білімі: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс", бақылаушы-ұшқыш куәлігінің болуы, екінші санатты бақылаушы-ұшқыш лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде төрт жыл жұмыс өтілі;
- екінші санатты: техникалық және кәсіптік (орта-арнайы, орта-кәсіптік) білімі: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс", бақылаушы-ұшқыш куәлігінің болуы, санаты жоқ бақылаушы-ұшқыш лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
- санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (орта-арнайы, орта-кәсіптік) білімі: "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс", жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
- осы Ережеге №1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
- осы Ереженің №2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалнама;
- осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өмірбаян (өз қолымен толтырылған) ;
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
- білімі туралы құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі, сондай-ақ "білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімінен өткенін растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін));
- кандидат жұмыс істейтін мемлекеттік (құқық қорғау) органның кадр қызметтері куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі.
- "әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі мамандандырылған ұйымдарында әскери қызмет немесе әскери даярлықтан өткенін, сондай-ақ мерзімді әскери қызметке шақыру туралы босатылғанын немесе кейінге қалдырғанын растайтын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі»,
- көлемі 4х6 фотосурет (4 дана))
- денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 27 қарашадағы №907 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар өздерінің қалауы бойынша біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) ұсынады.
Азаматтар осы Қағидалардың 1-9-тармақтарында аталған, құжат тігілетін папкаға салынған құжаттарды қолма-қол немесе пошта арқылы хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде ұсынады.
Азаматтар өздерінің қалауы бойынша осы Қағидалардың 1-9-тармақтарында аталған құжаттарды хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық (сканерленген) түрде береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар салыстырып тексеру үшін Қағидалардың 1-9-тармақтарында көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын тестілеу өткенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады. Осы Қағидалардың 1-9-тармағында санамаланған құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда тұлға конкурстың келесі кезеңдеріне жіберілмейді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен уәкілетті органға шағымдана алады.