2019 жылдың 15 шілдесінде Жамбыл авиациялық бөлімінің қызметкерлері өртті анықтады
2019 жылдың 15 шілдесінде Жамбыл авиациялық
бөлімі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Байзақ ҚМУ, Бескепин
орманшылығының 49 кварталы аумағында өрт шықты. Өрттің ауданы 10 га құрады. Жамбыл
авиациялық бөлімінің (тікұшақ және 2 өрт сөндіруші-десант), Байзақ, Жамбыл, Ақыртөбе,
Жуалы ҚМУ, әкімдік және ТЖ күштері мен құралдары отты апатпен күреске
жіберілді. Қатты жел мен құрғақ ауа райының салдарынан өрт кең аумақта тез
таралды. Қазіргі уақытта өрт жойылды. Өрт алаңы анықталуда.