2019 жылдың 17 шілдесінде Бородулиха авиациялық бөлімінің қызметкерлері өртті анықтады
2019 жылдың 17 шілдесінде Бородулиха
авиациялық бөлімімен қорғалатын аумақты авиациямен қарауылдау барысында
Бородулиха бөлімінің 76 кварталының аумағында өрт шықты. От апатымен күреске
Бородулиха Авиациялық бөлімі мен Бородулиха филиал күштері мен құралдары
жіберілді. Өртті сөндіруге тікұшақ пен Бородулиха авиациялық бөлімшесінің 2 өрт
сөндіруші-десантшысы, Бородулиха филиалының 12 адамы, 4 техника жұмылдырылды. Жедел
қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.07 га кіші алаңда жойылды.