2019 жылдың 23 шілдесінде Қостанай авиациялық бөлімінің қызметкерлері 2 өрт анықтады

2019 жылғы 23 шілдеде Қостанай авиациялық бөлімі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Новонежин орман шаруашылығының 62 және 114 кварталдарының, Семиозер ҚМУ аумағында 2 өрт шықты. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрттер шағын алаңда - әрқайсысы 0.0001 га жойылды. Өртті оқшаулауға және жоюға: Қостанай авиациялық бөлімінің тікұшағы мен 2 өрт сөндіруші-десантшысы, Семиозер ҚМУ-нің 27 адамы, 8 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт себебі-найзағай.

 

Популярные новости


Алматы қ., Абай к-сі, 32/2
Тел.: +7 (727) 346-13-71
Е-mail: airbar@list.ru
Жоғарыға