2019 жылдың 24 шілдесінде Қостанай авиациялық бөлімінің қызметкерлері 2 өртті анықтады
2019
жылғы 24 шілдеде Қостанай авиациялық бөлімі күзететін аумақты авиациямен
қарауылдау барысында Калинин орман шаруашылығының 17 кварталы және Аманқарағай
орман шаруашылығының 13 Кварталы, Семиозер ҚМУ аумағында 2 өрт шықты. Жедел
қабылданған шаралардың арқасында өрттер тиісінше 0,02 және 0,07 га шағын алаңда
жойылды. Өртті оқшаулауға және жоюға: Қостанай авиациялық бөлімінің тікұшағы
мен 2 өрт сөндіруші-десантшысы, Семиозер ҚМУ 22 адамы, 10 бірлік техника
жұмылдырылды. Өрт себебі-найзағай.