2019 жылдың 2 тамызында Баянауыл МҰТП қаупі бар дала өрті жойылды
Өрт Жасыбай орманшылығының 7
кварталының буферлік аймағында, Баянауыл МҰТП-да болды. Өрт Жасыбай
орманшылығының 1 кварталы бағытында тез тарала бастады. Өрт болған жерге
тікұшақтың көмегімен өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін
өрт сөндіру құралдары бар 4 өрт сөндіруші-десант жеткізілді және түсірілді. Өрт
жердегі күштер келгенге дейін тежелді. Барлық қызметтердің үйлесімді
іс-қимылдарының арқасында өрт 6 га аумақта табиғи парк шекарасында тоқтатылды. Өртті
сөндіруге және жоюға тікұшақ, Баянауыл авиациялық бөлімінің 4 өрт
сөндіруші-десантшысы, Баянауыл МҰТП-ның 25 адамы, Торайғыр ауылдық округінен 7
адам, Баянауыл ТЖБ-ның 2 адамы, 9 бірлік техника жұмылдырылды.