2019 жылдың 2 тамызында өрт жойылды
2019 жылғы 2 тамызда
Шалдай филиалының Бауыртал орман шаруашылығының 18-кварталының аумағында өрт
болды. Өрт апатымен күресуге Павлодар авиациялық филиалының және Шалдай
филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Жедел қабылданған шаралардың
арқасында өрт 0.6 га аумақта жойылды. Өртті ауыздықтауға және жоюға тікұшақ пен
Павлодар авиациялық бөлімшесінің 3 өрт сөндіруші-десантшысы, Шалдай филиалының
9 адамы, 3 техника жұмылдырылды.