ОРМАНДЫ ӨРТТЕН ҚОРҒАУ БАРШАНЫҢ МІНДЕТІ

Адамға, тіршілікке зор қауіп төндіретін тілсіз жаудың бірі-өрт. Айтып келмейтін шығыны мол бұл тілсіз жауға біз қашанда дайын болуымыз қажет. Қазіргі таңда аудан орталығында осы тілсіз жаумен күресетін РМҚК «Қазавиаорманқорғау» бөлімі тынымсыз жұмыс жасауда. Олардың құрамында 6 өрт сөндіруші десанттар және 1 өрт авиа тобының нұсқаушысы бар. Олар күніне екі мәрте «Ми-2» тікұшағымен және «Partenavia» ұшағымен өртті әуеден бақылап, өрт болған жағдайда оны дереу өрт өшіруге арналған құрал- жабдықтарымен өшіруге кірісе кетеді. Бұл мекеме Жамбыл облысы бойынша 3 млн. 480 мың гектар орманды алқапты тілсіз жаудан қорағайды. Мекеменің қорғалымына «Көктерек», «Қос қудық», «Мойынқұм», «Меркі», «Ақыртөбе», «Жамбыл», «Жуалы», «Ақкөл», «Бурыл-Байтал» орман шаруашылықтарының орманды ал-қаптары кіреді. Биыл осы мекемеге қарасты орманды алқаптарда 12 өрт тіркеліп, дер кезінде өшірілді. Оның 29470,8 гектары орманды алқап болса, 10246,3 гектар жері орманды емес алқап. Біз бұл өрт мәселесіне салғырт қарап орманды алқапқа кіргенде өрт қауіпсіздігін сақтамай жүрсек, көршілес Ресей еліндегідей үлкен орасан зор шығынға батыратын, ел экономикасының дамуын тежейтін қасіретке ұрынып қалуымыз мүмкін. Сондықтан құрметті ауыл тұрғындары, міне қазір күз айы да келіп жетті. Шөптер қурап, жапырақтар сарғая бастағанда өрт қауіптілігі арта түсетіні анық. Орманды алқапқа кіргенде барынша өрт қауіпсіздігін сақтап жүрулеріңізді сұраймыз.

Б.БАЙШАЛОВ, ұшқыш-бақылаушы

Мойынқұм Таңы

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға