Алматы облысындағы өрт туралы ақпарат

2019 жылғы 6 тамызда Алматы облысы Панфилов ауданы Талды ауылдық округінің аумағында болған өрт Жаркент ҚМУ, Леснов орман шаруашылығының 59 кварталы аумағына өтті. Өртті сөндіруге "Қазавиаорманқорғау" РМҚК өрт сөндіруші десантшылары, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет мамандары, Ми-171 тікұшақтары жұмылдырылды. Өртті сөндіру қиын таулы жерлермен (беткейлер 45 градус), нашар көрінумен және күрделі метеорологиялық жағдайлармен (жоғары температура және қатты көтерілетін және төмен түсетін ағындар) күрделене түседі. Қазіргі уақытта мемлекеттік орман қоры аумағында өрт ошақтары оқшауланды. Ми-171 тікұшақтарынан өрт ошақтарына су төгіледі және адамдар мен жүктерді жеткізу жүзеге асырылады. Өрт алаңы шамамен 400 га (оның ішінде МОҚ 2.5 га). Өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға