Алматы облысындағы өрт туралы ақпарат

Алтыншы тәулікте Алматы облысы Панфилов ауданы Талды ауылдық округінің аумағында болған ірі дала өртімен күрес жүргізілуде. Өртті сөндіру қиын таулы жерлермен (беткейлер 45 градус), нашар көрінумен және күрделі метеорологиялық жағдайлармен (жоғары температура және қатты көтерілетін және төмен түсетін ағындар) күрделене түсуде.

Өртті сөндіруге "Қазавиаорманқорғау" РМҚК өрт сөндіруші десантшылары, Жаркент ҚМУ қызметкерлері, ТЖД мамандары, Ми-171 тікұшақтары жұмылдырылды.Ми-171 тікұшақтарынан өрт ошақтарына су төгіледі және адамдар мен жүктерді жеткізу жүзеге асырылады. Өрт алаңы 450 га дейін өсті (оның ішінде МОҚ 7 га). Өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға