2019 жылдың 9 тамызында Қарқаралы авиациялық бөлімінің қызметкерлері өрт анықтады

2019 жылғы 9 тамызда Қарқаралы авиациялық бөлімі күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау барысында таулы орманшылықтың 7 кварталы, Қарқаралы МНП аумағында өрт шықты. Өрт орнына тікұшақтан өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін өрт сөндіруші десантшылар түсірілді. Өрт жердегі күштер келгенге дейін тежелді. Қарқаралы авиациялық бөлімі қызметкерлерінің және Қарқаралы МҰТП қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт 0,004 га алаңда жойылды.
Өртті оқшаулауға және сөндіруге: тікұшақ, Қарқаралы авиациялық бөлімінің 3 парашютшы-өрт сөндірушісі, Қарқаралы МҰТП 10 адам, 1 техника жұмылдырылды. Өрттің себебі найзағайдың түсуі.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға