АВИАЦИЯ ТАУЛЫ АЙМАҚТАҒЫ ОРМАН ӨРТІМЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСЕДІ?
Қараш жотасы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы.
«Қазавиаорманқорғау» РМҚК Алматы авиабөлімшесі-Алматы
облысындағы авиа орман қорғау базасының ең негізгі, әрі ауқымы кең
бөлімшелерінің бірі. Оның қорғайтын аумағы-672 мың га аумақты қамтиды. Басты
бағыты-таулы аймақтар. Ол үшін «Тянь-Шань» әуе компаниясының Ан-2 ұшақтары
қамтылған. Күн ара Байсеркедегі
аэродромнан таулы аймақтарды әуеден бақылау жұмыстарын орындайды.
Ан-2 ұшағы қанатының астында — Торайғыр тауы, Алматы облысы
Далалы, жазық жерге қарағанда, өрт сөндірудің ең қиын тәсілі
таулы аймақта. Сондықтан авиатехниканың мүмкіншілігі бой аймақта өте қажет.
Алматы облысының бірқатар аумағы таулы жерде. Онда ұлттық парктер мен
орманшылықтар орналасқан. Якубжан сондай аумақтың кәсіби бақылау-ұшқышы. Оның
назарынан өрт ошақтары қалыс қалған емес. Тілсіз жаудың шығу ошағы табыла
қалған жағдайда, аумағына қарай ұлттық парк немесе орман шаруашылығының
әкімшілігіне хабар беріп үлгереді. Мақсат — орман қорын сақтап қалу.
Үлкен Алматы шатқалы, Іле Алатауы ұлттық табиғи паркі
Олар ала жаздан бері таудағы орманды өрттен қорғау
жұмыстарын авиациялық техникамен бақылау жүргізіп келеді. Жұмыс кестесіне
үйреніп кеткен. Төрт сағаттай темір техниканың ішінде көкте қалықтап, кірпік
ілмей орманды өрттен бақылау оңай емес. Олар елдің ертеңгі байлығын күзетіп
жүрген қырағы қырандар. Өйткені, жасыл орман-ел байлығы, дәулеті. Тыныс алсаң
таза — ауаң, саяхаттасаң жан — саясы. Ал жан-жануарлардың құтты мекені. Бір
сөзбен айтқанда, тұмса табиғаттың төрі мен өрі.
Якубжан ИБРАГИМОВ,
«Қазавиаорманқорғау» РМҚК Алматы авиабөлімшесінің бақылау-ұшқышы:
-Біздің бұл сапарымыз Іле Алатауы ұлттық табиғи паркі, Шелек, Кеген, Шонжы орман шаруашылықтарының аумақтарын әуеден бақылауға арналды. Жалпы осы маршрутты айналып шығу үшін ұшу сағатымыз-3 сағат 45 минутты көрсетті.
Әуе бақылауы барысында ұлттық парк және орман
шаруашылықтарымен байланысқа шығып, орман өрттерінің алдын алу үшін әуеден
үндеу жасадық. Айта кетейік, кейінгі уақытта тікұшақтар мен ұшақтарда
ескертпелі құрылғылар орнатылған. Соның көмегімен, демалыс орындары көп, әрі адам тығыз
орналасқан жерлерде әуеден ескертпе жұмыстарын атқарамыз.
Шет Меркі, Тоғызбұлақ ауылы. Кеген ауданы, Алматы облысы
«Медеу» мұз айдыны мен Медеу шатқалының күзгі келбеті
Біздің негізгі жұмысымыз-ормандағы өртті аз аумақта байқап, оны кең аумаққа жібермеу жұмыстары.
Биылдыққа біздің аумақта — 12 өрт оқиғасы тіркелді. Жалпы көлемі, орман және
ормансыз алқапты алғанда, шамамен 75 га жер өртке оранды. Соңғы 4-5 жылмен
салыстырғанда, биылғы жыл өрт маусымының жоғары дәрежесі ретінде есептелді.
Өйткені, мамыр, маусым, шілде, тамыз айларында жауын-шашынның аз болуы және ауа
температурасының жоғары болуына байланысты өрт қауіпсіздік кезеңінің жоғары
сатысын көрсетті.
Іле Алатауының таулы ормандары
Жалпы, ел аумағында биылғы жаз өрт қауіпсіздігінің ең жоғарғы деңгейінде болды. Біздің жұмыста бұл қауіпсіздік уақыты — 1 қарашаға дейін жалғасады. Содан кейін бөлімшеміз жұмысын аяқтайды.
Бізде әуе десантшылары әр кез сақадай сай отырады. Өрт
ошағын анықталған сәтте, олар Боралдай әуежайынан Ми-171 тікұшағы арқылы ұшып
шығады. Өйткені, таулы жерде өртті сөндіру үшін тек авиациялық мүмкіндіктер
ғана қолданылады.
Шелек ауылы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы.
Бартоғай су қоймасы, Алматы облысы
Бедері бөлек-Бартоғай
Сөгеті тауы мен Шелек өзені
Шонжы — Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы ауыл, аудан. Алматы
облысы.
Кеген ауылы-Кеген ауданының орталығы, Алматы облысы.
Шарын өзенінің бір шатқалы
Шет Меркі шатқалы, Кеген ауданы, Алматы облысы
Жалаңаш ауылы, Кеген ауданы, Алматы облысы
Үлкен Алматы шыңы
«Қазавиаорманқорғау» Алматы авиабөлімшесінің бақылау-ұшқышы
Якубжан Ибрагимов Ан2 ұшағымен әуеден халыққа үндеу жасауда
Ан 2 қанатынан Іле Алатауының әдемі көрінісі ашылып келеді
Алмаарасан шатқалы және орманы
«Тянь-Шань» әуе компаниясының әуежайы. Байсерке, Алматы облысы
Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
(Суреттерді түсірген автор)
Алматы облысы