Қарағанды облысында болған өрт туралы ақпарат


Өрт сөндіруге Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары, Қарқаралы МҰТП күштері мен құралдары, ерікті өрт сөндіру құрамалары, ТЖД, ІІМ қызметкерлері тартылды. Қарқаралы ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Өрт сөндіруге 200-ден астам адам, 45-тен астам техника, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК 2 тікұшағы жұмылдырылды. Өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде.