2019 жылдың 11 тамызында өрт жойылды
2019 жылдың 11 тамызында Қостанай орманшылығының 60 кварталы аумағында өрт болды. Өрт апатымен күреске Қостанай авиациялық бөлімі мен қала маңындағы ҚММ күштері мен құралдары жіберілді. Өрт 2,6 га көлемінде жойылды. Өртті оқшаулауға және жоюға тікұшақ және Қостанай авиациялық бөлімінің 2 өрт сөндіруші-десантшысы, қала маңындағы ҚММ 35 адамы, 8 бірлік техника жұмылдырылды.