2019 жылдың 12 тамызында ірі дала өрті жойылды
2019 жылдың 12 тамызында Соснов
орманшылығының, Морозов филиалының 146 және 149 кварталдарына қауіп төнген дала өрті пайда болды. Өрт апатымен күреске Бөкебай авиациялық бөлімі мен Морозов
филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Ұзақ және табанды күрестен кейін
дала өрті фронт бойынша оқшауланып, 710 га алаңда жойылды, мемлекеттік орман
қорына қауіп жойылды. Жануды оқшаулау және жоюға: Бөкебай авиациялық бөлімінің
6 өрт сөндіруші-десантшысы, Морозов филиалының 38 адамы, 23 техника жұмылдырылды.