2019 жылдың 13 тамызында өрт ауыздықталды
2019 жылдың 13 тамызында Самарбай орманшылығының 73 кварталының аумағына өткен дала өрті пайда болды. Өрт апатымен күреске Бурабай авиациялық бөлімінің, Букпа ОШ ҚММ, ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. Өрт сөндіру қиын ауа райы жағдайымен күрделенді. Өрт 310 га жерде (оның ішінде 10 га мемлекеттік орман қоры) ауыздықталды. Өртті сөндіруге Бурабай авиациялық бөлімінің 6 өрт сөндіруші-десантшысы, Бұқпа ОШ ҚММ 30 адамы, ТЖД 130 адамы, 10 бірлік техника жұмылдырылды.