2019 жылдың 14 тамызында Баянауыл МҰТП дала өрті жойылды
Өрт Долба орманшылығының 47 кварталындағы буферлік аймақта, Баянауыл МҰТП-да болды. Өрт болған жерге тікұшақтың көмегімен өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін өрт сөндіру құралдары бар 3 өрт сөндіруші-десант жеткізілді және түсірілді. Өрт жердегі күштер келгенге дейін тежелді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында өрт 14 га аумақта оқшауланды. Өртті сөндіруге тікұшақ пен Баянауыл авиациялық бөлімінің 3 өрт сөндіруші-десантшысы, Баянауыл МҰТП 11 адамы, 5 бірлік техника жұмылдырылды.