Алматы облысында өрт туралы ақпарат

Талдықорған ҚМУ-нің Корин орман шаруашылығының 51 және 56 кварталдарының аумағында болған өрт жойылды деп хабарланғаннан кейін 6 тәулік өткен соң қайта жанданды. Өртті сөндіру қиын таулы жерлермен күрделене түседі (беткейлер 45 және одан да көп градус). Өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Өрт сөндіруге Талдықорған авиациялық бөлімінің тікұшағы мен өрт сөндіруші десантшылары (3 өрт сөндіруші десантшы), ТЖД (5 адам), Талдықорған ҚМУ қызметкерлері (19 адам), 4 техника жұмылдырылды. Өрт алаңы анықталуда.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға