Қарағанды облысында болған өрт туралы ақпарат
Төртінші тәулік Бакті орман шаруашылығы, Қарқаралы МҰТП 16 кварталының аумағына өткен ірі өртпен күрес жүріп жатыр. Қатты желдің салдарынан өрт орман шаруашылығының басқа кварталдарына тез тарады. Өртті сөндіру қиын жерде, нашар көрінумен, желдің қатты екпінімен (16 м/с дейін) күрделене түседі. Өртті сөндіру үшін сыртқы аспадағы суағар құрылғысы бар бірінші класты Ми-171 және Ми 8 тікұшақтары тартылды. Өртке ауадан бақылау орнатылды. Өрт апатымен күресу үшін қосымша күштер мен құралдарды тарту туралы шешім қабылданды. Көрші табиғи парктердің күштері мен құралдары тартылды. Бүгінгі күні өрт сөндіруге Қарқаралы авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары, Қарқаралы МҰТП күштері мен құралдары, Баянауыл және Бұйратау МҰТП қызметкерлері, ерікті өрт сөндіру құрамалары, жергілікті халық, Ұлттық ұлан бөлімдері, ТЖД жұмылдырылды. Өрт аумағы 2870 га, оның ішінде 2070 га мемлекеттік орман қоры Қарқаралы ауданында әлі күнге дейін табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жұмыс істейді. Өрт сөндіруге 300-ден астам адам, 60-тан астам техника, "Қазавиаорманқорғау"РМҚК Ми-171 және Ми-8 және Ми-2 жұмылдырылды. Өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде.