2019 жылдың 16 тамызында Ақмола авиациялық бөлімінің қызметкерлері өртті анықтады
2019 жылы 16 тамызында Ақмола авиациялық бөлімшесімен күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Аққу орманшылығының 131 кварталы, Ақкөл ҚМУ аумағында өрт шықты. Өрт туралы ақпарат дереу орман иесіне берілді. Ақмола авиациялық бөлімшесі мен Ақкөл ҚМУ-нің күштері мен құралдары өрт сөндіру апатымен күреске жіберілді. Өрт 0,1 га аумақта жойылды. Өртті оқшаулауға және жоюға: Ақмола авиациялық бөлімшесінің 4 өрт сөндіруші-десантшысы мен тікұшағы, Ақкөл ҚМУ-нің 13 адамы, 3 техника жұмылдырылды.