2019 жылдың 16 тамызында Қарағанды облысында болған өрт туралы ақпарат
Бесінші тәулік бойы Бақтыша орманшылығы, Қарқаралы МҰТП 16 кварталының аумағына өткен ірі өртпен күрес жүріп жатыр. Қатты желдің салдарынан өрт орман шаруашылығының басқа кварталдарына тез тарады. Өртті сөндіру қиын жерде, нашар көрінумен, желдің қатты екпінімен (16 м/с дейін) күрделене түседі. Өртті сөндіру үшін сыртқы аспадағы суағар құрылғысы бар бірінші класты Ми-171 және Ми 8 тікұшақтары, Ка-32, Ми-2, EC-145 тікұшақтары тартылды. Өртке әуеден бақылау орнатылды.
Өрт апатымен күресу үшін қосымша күштер мен құралдарды тарту туралы шешім қабылданды. Көрші табиғи парктердің күштері мен құралдары тартылды. Өрт сөндіруге Қарқаралы авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары, Қарқаралы МҰТП күштері мен құралдары, Баянауыл және Бұйратау МҰТП қызметкерлері, ерікті өрт сөндіру құрамалары, жергілікті халық, Ұлттық ұлан бөлімдері, ТЖД жұмылдырылды.
Өрт сөндіруге 330 адам, 65 бірлік техника, Ми-171, Ка-32, Ми-8, Ми-2, EC-145 жұмылдырылды. Жалпы алғанда өрт ошақтарына 30-дан астам мақсатты су төгінділері орындалды, жалпы тоннажы 100 тоннадан астам су. Отты ұзақ және қажырлы күрескеннен кейін өрт 2019 жылы 16 тамызда Нұр-сұлтан уақыты бойынша 16 сағат 00 минутта ауыздықталды. 16 тамызда өрт алаңы 3700 га құрады,оның ішінде 2700 га мемлекеттік орман қоры. Қарқаралы МҰТП қызметкерлері қарауылда орналасқан.